ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА: Түркістан облысы, 26 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысының Бәйдібек ауданында 68 млн текше метр су жинай алатын Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 50%-ға аяқталды.

Жаңа су қоймасы Бала Бөген және Үлкен Бөген өзендерінің түйіскен жерінде, 680 гектар жер учаскесінде орналасқан. Бәйдібек-ата қоймасы тасқын суын жинайды және суару кезеңінде Бөген су қоймасына қосымша су жібереді.

«Министрлік әзірлеген су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін республика бойынша 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етуге, су басу қаупін және трансшекаралық су ресурстарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Солтүстік өңірлерде салынатын жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басу қаупінің алдын алып, қосымша 1,5 млрд текше метр су жинауға ықпал етеді. Бұл су оңтүстікте суармалы егіс алқаптарының көлемін 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысының Бәйдібек ауданында 68 млн текше метр су жинай алатын Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 50%-ға аяқталды. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Жаңа су қоймасы Бала Бөген және Үлкен Бөген өзендерінің түйіскен жерінде, 680 гектар жер учаскесінде орналасқан. Бәйдібек-ата қоймасы тасқын суын жинайды және суару кезеңінде Бөген су қоймасына қосымша су жібереді. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>«Министрлік әзірлеген су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін республика бойынша 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етуге, су басу қаупін және трансшекаралық су ресурстарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Солтүстік өңірлерде салынатын жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басу қаупінің алдын алып, қосымша 1,5 млрд текше метр су жинауға ықпал етеді. Бұл су оңтүстікте суармалы егіс алқаптарының көлемін 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Аймақтағы жаңалықтар