ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 231-ГЕ ЖЕТТІ: Түркістан облысы, 31 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 231-ГЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысы балық шаруашылығы шаруашылығы бойынша көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балық шаруашылығын дамыту мәселесін көтеріп, осы тапсырмаға орай балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілген болатын. Түркістан облысында бұл бағытта жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы орайда өңір бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде балық шаруашылығын әрі қарай дамыту мақсатында аудан, қала әкімдіктеріне жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бүгінде, облыста жаңадан ашылған балық өсірушілердің саны 11-ге көбейіп, жалпы саны 231-ге жетті. Тауарлы балық өсірушілерге 500,0 млн теңге көлемінде субсидия берілді (31 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілді). Бағдарламаға сәйкес, 2024 жылы тауарлы балық өсіру көлемі 7000 тоннаға жеткізу жоспарланып, жыл қорытындысымен жоспар толық орындалды. Одан бөлек, балықты қорғау, сұғанақтықтың алдын алу мақсатында орман күзеті қызметкерлерімен жыл басынан 1059 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 352 заңбұзушылық фактілері анықталды. Заң бұзушыларға 6473,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысы балық шаруашылығы шаруашылығы бойынша көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балық шаруашылығын дамыту мәселесін көтеріп, осы тапсырмаға орай балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілген болатын. Түркістан облысында бұл бағытта жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы орайда өңір бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде балық шаруашылығын әрі қарай дамыту мақсатында аудан, қала әкімдіктеріне жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бүгінде, облыста жаңадан ашылған балық өсірушілердің саны 11-ге көбейіп, жалпы саны 231-ге жетті. Тауарлы балық өсірушілерге 500,0 млн теңге көлемінде субсидия берілді (31 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілді). Бағдарламаға сәйкес, 2024 жылы тауарлы балық өсіру көлемі 7000 тоннаға жеткізу жоспарланып, жыл қорытындысымен жоспар толық орындалды. Одан бөлек, балықты қорғау, сұғанақтықтың алдын алу мақсатында орман күзеті қызметкерлерімен жыл басынан 1059 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 352 заңбұзушылық фактілері анықталды. Заң бұзушыларға 6473,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар