ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАРҒА ВОУЧЕРЛІК ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛЕДІ: Түркістан облысы, 26 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАРҒА ВОУЧЕРЛІК ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАРҒА ВОУЧЕРЛІК ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАРҒА ВОУЧЕРЛІК ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысындағы балабақшалардың жұмысы жандана түспек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың сапалы жұмыс жүргізілуі басты назарға алынып, балабақшаларды ретке келтіру мақсатында цифрландыру және воучерлік жүйе енгізілмек. Воучерлік жүйе арқылы ата-ана бәсекеге қабілетті балабақшаны таңдап, қаржысын соған жұмсауға ықпал ете алады. Биыл

балабақшаларға ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар кемшілік анықталып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 7664 орын қысқартылды. Түркістан білім басқармасы тарапынан «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығын орындау үшін пилоттық жобаға қатысушылармен (ата-аналар, балабақшалар) консультациялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, облыста 1424 мектепке дейінгі ұйым қызмет атқаруда. Атап айтқанда, мемлекеттік – 265, жекеменшік – 1110, 2 арнайы мектеп-балабақша, мектеп жанындағы шағын орталық – 46, 1 балабақша-бастауыш мектеп бар. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің 77,9 пайызын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Мектепке дейінгі 2-6 жас аралығындағы балалар саны 187 612 болса, оның 183 454-і мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған. Облыста мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған балалар үлесі 97,8 пайызды құрайды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысындағы балабақшалардың жұмысы жандана түспек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың сапалы жұмыс жүргізілуі басты назарға алынып, балабақшаларды ретке келтіру мақсатында цифрландыру және воучерлік жүйе енгізілмек. Воучерлік жүйе арқылы ата-ана бәсекеге қабілетті балабақшаны таңдап, қаржысын соған жұмсауға ықпал ете алады. Биыл <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>балабақшаларға ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар кемшілік анықталып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 7664 орын қысқартылды. Түркістан білім басқармасы тарапынан «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығын орындау үшін пилоттық жобаға қатысушылармен (ата-аналар, балабақшалар) консультациялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, облыста 1424 мектепке дейінгі ұйым қызмет атқаруда. Атап айтқанда, мемлекеттік – 265, жекеменшік – 1110, 2 арнайы мектеп-балабақша, мектеп жанындағы шағын орталық – 46, 1 балабақша-бастауыш мектеп бар. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің 77,9 пайызын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Мектепке дейінгі 2-6 жас аралығындағы балалар саны 187 612 болса, оның 183 454-і мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған. Облыста мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған балалар үлесі 97,8 пайызды құрайды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар