ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ: Түркістан облысы, 23 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысының тұрғындарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар ауқымды. Облыс аумағындағы барлық аудандарында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Жаңа ғимараттардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Облыс көлемінде биыл жалпы

2469 пәтер салу жоспарланған. Атап айтқанда, Қазығұрт және Созақ аудандарында 36 пәтерлі, Мақтаарал ауданында 56 пәтерлі, Бәйдібеке 21 пәтерлі, Жетісай және Сарыағаш аудандарында 90 пәтерлі, Келесте 106 пәтерлі, Ордабасы және Шардара аудандарында 120 пәтерлі, Отырар ауданында 50 пәтерлі, Сауранда 64 пәтерлі, Төлеби ауданында 118 пәтерлі, Түлкібаста 68 пәтерлі, Сайрам ауданы, Арыс және Кентау қалаларында 60 пәтерлі тұрғын үйлер бой көтеруде. Сонымен қатар облыс орталығында 1 314 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылдың соңына дейін 221 үйдің құрылысы аяқталып, 2469 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы облыстық құрылыс басқармасының мамандарының да тұрақты бақылауына алынған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысының тұрғындарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар ауқымды. Облыс аумағындағы барлық аудандарында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Жаңа ғимараттардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Облыс көлемінде биыл жалпы <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>2469 пәтер салу жоспарланған. Атап айтқанда, Қазығұрт және Созақ аудандарында 36 пәтерлі, Мақтаарал ауданында 56 пәтерлі, Бәйдібеке 21 пәтерлі, Жетісай және Сарыағаш аудандарында 90 пәтерлі, Келесте 106 пәтерлі, Ордабасы және Шардара аудандарында 120 пәтерлі, Отырар ауданында 50 пәтерлі, Сауранда 64 пәтерлі, Төлеби ауданында 118 пәтерлі, Түлкібаста 68 пәтерлі, Сайрам ауданы, Арыс және Кентау қалаларында 60 пәтерлі тұрғын үйлер бой көтеруде. Сонымен қатар облыс орталығында 1 314 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылдың соңына дейін 221 үйдің құрылысы аяқталып, 2469 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы облыстық құрылыс басқармасының мамандарының да тұрақты бақылауына алынған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар