ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРДЫ
Түркістан облысы имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті. Негізгі мақсаты – дін қайраткерлерінің қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін кәсіби білімін арттыру.
Іс-шараға Облыстық дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері қатысты. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының Шымкент қаласы бойынша басшысы Дәлелхан Оспанов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов спикер болды. Имамдар тарапынан сауалдар мен осы сала бойынша туындаған мәселелерге тиімді жауап берді. Қоғамдық қатынастарды үйлестіруге үлес қосуы үшін діни қызметке қатысты заманауи сын-қатерлер мен ағымдар туралы хабардарлығын арттыру қажет деді.
Семинар ислам теологиясын, этикасын және қазіргі әлемдегі қауымдастықтармен өзара әрекеттесу әдістерін тереңдетіп оқытуға және имамдардың діни білімді жеткізіп қана қоймай, қоғамның имандылық негіздерін дамытуға, конфессияаралық келісімді нығайтуға, жастарды қолдауға үлес қосуы үшін олардың рухани көшбасшылығын күшейтуге бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -