ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ: Түркістан облысы, 21 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Ордабасы ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Бүгін Қажымұқан ауылдық округі, Амангелді ауылындағы газ нысанының құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков және аудандық мәслихат депутаты Бейсенбай Сатыбалдиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар ізгі ниеттерін жеткізді.

Нысанның құрылысы 2021 жылы “НИП-А-А-А” ЖШС мердігер мекемесі тарапынан басталған. Жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 200-ден аса абонентке газ жеткізілді.

Айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша 57 елді мекеннің 61,4%-ы табиғи газбен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта 4 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, газ құбырларына сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында аталған елді мекендерге көгілдір отын беру жоспарланып отыр. Жалпы аудан көлемінде 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Ордабасы ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Бүгін Қажымұқан ауылдық округі, Амангелді ауылындағы газ нысанының құрылысы аяқталып, іске қосылды. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков және аудандық мәслихат депутаты Бейсенбай Сатыбалдиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар ізгі ниеттерін жеткізді. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Нысанның құрылысы 2021 жылы “НИП-А-А-А” ЖШС мердігер мекемесі тарапынан басталған. Жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 200-ден аса абонентке газ жеткізілді. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша 57 елді мекеннің 61,4%-ы табиғи газбен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта 4 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, газ құбырларына сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында аталған елді мекендерге көгілдір отын беру жоспарланып отыр. Жалпы аудан көлемінде 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар