ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ
Сайрам аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Көк Ту салтанатты түрде тұғырға қойылды. Ата Заңның мерейін асыруға арналған шараға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау қызметкерлері, «Amanat» партиясы мен бастауыш партия ұйымы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Маңызды кеш барысында аудан әкімі Арман Сәбитов жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Сіздерді еліміздің мәні бөлек мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңда еліміздің қарышты және серпінді дамуына сайрамдықтар да өз үлестерін қосуда. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсу көрсеткіші күн сайын артып, тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін қажетті мүмкіндіктер қарастырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы да Ата Заңымызда айқындалған заңнамаларға сәйкес жүргізіліп жатқаны белгілі. Тағы да құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ынтымақ пен бақ-береке тілеймін! Ата Заңымыз айбынды, егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Отанымыздың дамуы жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! – деді Арман Сәбитұлы.
Шара шеңберінде еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген сан түрлі саладағы бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиын әрі қарай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Ата Заңымыздың асқақтығын айғақтайтын отансүйгіштік сипаттағы сахналық қойылымдар көпшілік назарына ұсынылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -