ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Сайрам ауданы аумағындағы барлық елді мекендерде «Бүкіләлемдік тазалық күні (World Cleanup Day 2024)» аясында сенбілік жұмыстары өткізілді.
Айналаның санитарлық тазалығын сақтау жұмыстарына аудандағы жалпы кәсіпорындардың, қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен аудан тұрғындары, жалпы 800-ге жуық адам атсалысты.
Қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық тазалығын сақтау бағытында өткен сенбілікте көшелердегі аяқжолдар, саябақ пен скверлер, арық-атыздар ретке келтірілді.
Айта кетейік, тазалық шарасында 14 техниканың көмегімен 8,6 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылды.
Тазалықты алдымен өз ауласынан бастауды басты міндеті санайтын сайрамдықтар барша тұрғындарды айналаны таза ұстауға шақырады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -