ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ: Түркістан облысы, 23 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жетісай ауданында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағытында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтермен танысты. Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Серік

Пірімбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысты. Жәрмеңке барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген делегация мүшелері өңірлердің жай-күйімен, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігімен, өңірдің перспективасымен таныстырды. Қоныс аударуға ниетті азаматтармен тілдесіп, мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударған азаматтардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде қаржы, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы берілетінін, сонымен қатар қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызу, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуді міндетіне алатынын түсіндірді. Түркістан облысы республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы күші көп аймақ саналады. 2015 жылдан бері Түркістан облысынан жұмыс күші жетпейтін Солтүстік өңірлерге 3 689 отбасының 14 126 мүшесі қоныс аударған. Бұл республика бойынша қоныс аударушылардың 33 пайызын құрайды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биылғы жылға бөлген 7050 квотасы негізіген Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарының еншісінде. Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Жетісай ауданымен қатар Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Бәйдібек аудандарында да өткізілетін болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Жетісай ауданында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағытында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтермен танысты. Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Серік <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Пірімбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысты. Жәрмеңке барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген делегация мүшелері өңірлердің жай-күйімен, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігімен, өңірдің перспективасымен таныстырды. Қоныс аударуға ниетті азаматтармен тілдесіп, мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударған азаматтардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде қаржы, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы берілетінін, сонымен қатар қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызу, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуді міндетіне алатынын түсіндірді. Түркістан облысы республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы күші көп аймақ саналады. 2015 жылдан бері Түркістан облысынан жұмыс күші жетпейтін Солтүстік өңірлерге 3 689 отбасының 14 126 мүшесі қоныс аударған. Бұл республика бойынша қоныс аударушылардың 33 пайызын құрайды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биылғы жылға бөлген 7050 квотасы негізіген Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарының еншісінде. Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Жетісай ауданымен қатар Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Бәйдібек аудандарында да өткізілетін болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар