ТҮРКІСТАНДА ЕҢБЕГІМЕН ДАРАЛАНҒАН ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Түркістан облысының орталығында «Түркістанды түлеткен» атты жылдың үздіктерін марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өз саласы елге адал еңбек етіп, үздік атанған көшбасшы жандарды құттықтады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін айтты. Бүгінгі іс-шараның осы бастамаға тікелей қатысы бар. Себебі, ең алдымен еңбегімен дараланған азаматтарға құрмет көрсетеміз. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толды. Осы кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер болғаны баршаңызға мәлім. Жуырда ғана Мемлекет басшысының бастамасымен «Түркістанға ерекше мәртебе беру» туралы арнайы Заң жобасы әзірленіп, Парламенттің оқылымында қабылданды. Бұл Заң тарихи шаһарды дамытуға серпін береді. Өңірдегі осы оң өзгерістерде сіздердің еңбектеріңіз мол. Аймақты дамытуға үлес қосып, елге қызмет еткендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін! Кім өз ісін адалдықпен атқарса, түбінде жеңіске жетеді. Сондықтан біз жастардың, жалпы қоғамның бойына еңбекқорлықты, отаншылдықты сіңіруіміз керек. Тарихи Түркістанымызды бірге дамытып, бәсекеге қабілетті, бай, қуатты аймаққа айналдыра берейік! – деді Дархан Сатыбалды.
Жыл қорытындыланған маңызды жиында еңбегімен еленіп, көпке үлгі болған бірқатар азаматқа «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдары табысталды.
Биыл наурыз айында Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы бастау алған болатын. Аймақтарды көгалдандыру, абаттандыру, ауылды дамытудың басым бағыттары сараланған байқауда нағыз үлгілі ауылдар анықталды. Байқау нәтижесінде бас жүлдеге Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы, І орынға Шардара ауданы, Көксу ауылы, ІІ орынға Сарыағаш ауданы, Мәдениет ауылы, ІІІ орынға Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы лайық деп танылды. Салтанатты жиында осы ауылдардың басшылары марапатталды. Келесі жылы ол ауылдарға бір-бір әлеуметтік нысаннан салынады.
Салтанатты кеште өз саласы бойынша үздік атанғандарға 40 номинация бойынша құрмет көрсетілді.
Кеште музыкалық-хореграфиялық қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Облыстың үздік өнерпаздары мен Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толды. Осы уақытта аймақтың инфрақұрылым дамып, ішкі жалпы өнімі артып, әлеуеті көтеріле түсті. Аймақта өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -