ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ: Түркістан облысы, 26 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері өтті. – Бұл сапар өзара құрметке, сенімге және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-тәжік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына тың серпін береді. Тәжікстан – сенімді досымыз әрі уақыт тезінен өткен одақтасымыз. Екі елді ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтар

байланыстырады. Біз барлық деңгейде тығыз әрі өзара сенімге құрылған саяси диалог орнаттық. Бірлескен күш-жігер арқылы нағыз достық пен тілеулестік рухында ортақ келешектің негізін қалап келеміз, – деді Қазақстан Президенті тәжік еліне сапарында. Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында екі елдің мәдениетаралық байланыстарын кеңейтуді көздеп, түркістандық «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Jana Lep» ұжымы Худжанд қаласында өнер көрсетті. Камоли Худжанди атындағы тәжік музыкалық драма театрында өткен концертті Сагдие облысының губернаторы Зайнура Азиме және «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан ашып беріп, екі ел ынтымағы үшін аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Концерт барысында «Jana Lep» ұжымының орындауында халық әндері «Пай-Пай», «Балапан қаз», «Алқоңыр», сондай-ақ Тәжік халық әні «Сорбон» композициясы шырқалды. Сонымен қатар «Samgau» би ансамблінің мың бұралған биі мен «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің орындауындағы күмбірлеген күй де тәжік халқынының қызығушылығын тудырды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері өтті. – Бұл сапар өзара құрметке, сенімге және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-тәжік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына тың серпін береді. Тәжікстан – сенімді досымыз әрі уақыт тезінен өткен одақтасымыз. Екі елді ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтар <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>байланыстырады. Біз барлық деңгейде тығыз әрі өзара сенімге құрылған саяси диалог орнаттық. Бірлескен күш-жігер арқылы нағыз достық пен тілеулестік рухында ортақ келешектің негізін қалап келеміз, – деді Қазақстан Президенті тәжік еліне сапарында. Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында екі елдің мәдениетаралық байланыстарын кеңейтуді көздеп, түркістандық «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Jana Lep» ұжымы Худжанд қаласында өнер көрсетті. Камоли Худжанди атындағы тәжік музыкалық драма театрында өткен концертті Сагдие облысының губернаторы Зайнура Азиме және «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан ашып беріп, екі ел ынтымағы үшін аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Концерт барысында «Jana Lep» ұжымының орындауында халық әндері «Пай-Пай», «Балапан қаз», «Алқоңыр», сондай-ақ Тәжік халық әні «Сорбон» композициясы шырқалды. Сонымен қатар «Samgau» би ансамблінің мың бұралған биі мен «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің орындауындағы күмбірлеген күй де тәжік халқынының қызығушылығын тудырды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар