ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР АЛБАНЯДАН 5 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ
Албания мемлекетінің Тирана қаласында таеквондодан «Albanian Open G1» рейтингілік халықаралық турнирі өтті. Турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте үздіктер қатарында болды. Ортақ жеңіске Түркістан облысының спортшылары да қомақты үлес қосты.
Халықаралық жарыста ел намысын қорғап, жеңімпаз атанған спортшыларымыз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде еншіледі. Дүбірлі сында 87 келіде Нұрлан Мырзабаев бірінші орын алса, 63 келідегі Аманбол Бегімбетов пен 74 келіде бақ сынған Мақсат Орынбасар күміс медаль жеңіп алды. Ал Әзірет Дүйсенбек (58 келі) мен Асқар Өтеген (63 келі) қола медаль еншіледі. Спортшыларды білікті бапкер Ренат Құралбаев баптады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -