Талдықорғандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Бүгін облыс орталығы Талдықорғанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, даңқты жерлесіміз Ілияс Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, бір сәт үнсіздікпен еске алды.
Тағылымды шараның шымылдығын Жетісу облыстық ардгерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт ашып, бұл күні сол нәубет жылдары елі мен жері үшін жанын қиған қазақ зиялы қауымдарының рухына тағзым етіп, олардың біздерге қалдырған мол мұрасын одан әрі тереңірек дәріптеу керек, - деді Ермек Келемсейіт.
Сондай-ақ, жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров, Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Егінбаев Ермек және қала ардагерлері мен жастары қатысты.
Естеріңізге салсақ, өткен ғасырдың 30 жылдары қазақ халқы үшін аса ауыр нәубет жылдарына тап келіп, саяси жүйенің кесірінен қаншама жазықсыз ұлт зиялылары қыршын кетіп, елдігіміз үшін күрескен қазақтың қаймақтары атылып кеткен еді. Бүгінде ұлт зиялыларының есімдері, қазақ үшін жасаған өлмес мұрасын, олардың жүріп өткен сара жолдарын насихаттауда жүйелі түрде жұмыс атқарылуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -