Таскескен ауылында көпбалалы отбасылар баспаналы болды: Абай облысы, 25 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Таскескен ауылында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Үржар ауданы Таскескен ауылында Республика күнінде «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйверлері» жобасы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жеке инвесторлар салған екі пәтерлі (барлығы алты пәтер) үш тұрғын үйдің кілті табыс етілді. Олардың жалпы ауданы 5790,0 шаршы метрді құрады.

Аудан әкімі Ақылбек Башимбаев жаңа қоныстанушылар мен барша тұрғындарды мерекелерімен құттықтап, бұл шараның отбасы құндылықтарын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауының арқасында қуатты әрі Тәуелсіз мемлекетке айналды. Бүгінгі Республика күніне орай жерлестеріміз жаңа пәтерлерге ие болды. Шаңырақтарыңыз жылу мен берекеге толы болсын!», - деді аудан әкімі.

Ауыл тұрғындары да өз тараптарынан ризашылықтарын білдірді.

«Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Таскекенде оң өзгерістер болып жатыр. Жолдар салынып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, спортпен шұғылдануға жағдай жасалуда. Бүгін баспаналы болып, арманымыз орындалды. Балаларымның жылы әрі жайлы үйде тұрып, білім алатынына өте қуаныштымын. Осындай қамқорлық жасаған мемлекетімізге алғысымызды білдіреміз. Барлық шаңырақта тек жақсылық пен бақыт болсын!» – деді көп балалы әке Сырым Айшыңғысұлы.

«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік секторды қолдау арқылы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Үржар ауданы Таскескен ауылында Республика күнінде «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйверлері» жобасы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жеке инвесторлар салған екі пәтерлі (барлығы алты пәтер) үш тұрғын үйдің кілті табыс етілді. Олардың жалпы ауданы 5790,0 шаршы метрді құрады.

Аудан әкімі Ақылбек Башимбаев жаңа қоныстанушылар мен барша тұрғындарды мерекелерімен құттықтап, бұл шараның отбасы құндылықтарын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауының арқасында қуатты әрі Тәуелсіз мемлекетке айналды. Бүгінгі Республика күніне орай жерлестеріміз жаңа пәтерлерге ие болды. Шаңырақтарыңыз жылу мен берекеге толы болсын!», - деді аудан әкімі.

Ауыл тұрғындары да өз тараптарынан ризашылықтарын білдірді.

«Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Таскекенде оң өзгерістер болып жатыр. Жолдар салынып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, спортпен шұғылдануға жағдай жасалуда. Бүгін баспаналы болып, арманымыз орындалды. Балаларымның жылы әрі жайлы үйде тұрып, білім алатынына өте қуаныштымын. Осындай қамқорлық жасаған мемлекетімізге алғысымызды білдіреміз. Барлық шаңырақта тек жақсылық пен бақыт болсын!» – деді көп балалы әке Сырым Айшыңғысұлы.

«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік секторды қолдау арқылы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған.

Аймақтағы жаңалықтар