Құттықтау
Құрметті Zakon.kz ақпарат агенттігінің ұжымы!
Сіздерді 25 жылдық мерейлі белестеріңізбен құттықтаймын!
Zakon.kz - халықтың көзаймына айналған жетекші медианың бірі.
Ақпараттық агенттік кез келген мәліметтің тереңіне үңіліп, әр дерек пен дәйекті жіліктеп, оқырманға ұғынықты тілде жедел жеткізуімен ерекшеленеді. Бұл орайда уақытпен санаспай, сапалы дүниелер ұсынған тәжірибелі тілшілердің еңбегі зор!
Алдағы уақытта да Zakon.kz ұжымы ақпарат аламанында көш бастап, тұрақты оқырмандарының назарына салмақты дүниелер ұсынатынына сенімім мол!
Сіздерді айтулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық отбасыларыңыз амандық, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт тілеймін!
Zakon.kz-тің ғұмыры ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -