Құттықтау
Құрметті қазақстандықтар!
келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!
Өткен жылы Конституциялық Сот азаматтардың тікелей қатысуымен қолданыстағы заңнама нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
Конституциялық бақылау – мемлекетіміздің заң үстемдігі мен адам құқықтары әлеуетін қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі. Мемлекет басшысы келесі жылды Қазақстан үшін «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіпті еркін таңдау құқығын қорғайды. Әрбір қазақстандыққа өзінің конституциялық құқықтары мен мүмкіндіктерін лайықты жүзеге асыруын тілейміз.
Келер жыл қазақстандықтардың бірлігі және Қазақстан мемлекеттілігі рухының жемісті жалғасы болсын.
Жаңа жыл құтты болсын!
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -