ТУА БІТКЕН КЕМІСТІКТЕРДІҢ ЕРТЕ АНЫҚТАЛУЫ 10%~ҒА ӨСТІ: Астана қаласы, 27 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТУА БІТКЕН КЕМІСТІКТЕРДІҢ ЕРТЕ АНЫҚТАЛУЫ 10%~ҒА ӨСТІ

Қазақстандағы балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар 2024 жылы нәресте өлімінің көрсеткішін 8,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, ал неонаталдық өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

«Алғаш рет неонаталдық көмекті ұйымдастыру стандарты әзірленіп, бекітілді, реанимация бөлімшелерінде мейіргердің жаңа туған нәрестеге 1-ден 1-ге дейінгі арақатынасы қағидаты белгіленді. Перинаталдық орталықтардың базасында неонаталдық хирургияны дамыту жалғасуда, орта есеппен жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте жедел ем алады», - деді А.Әлназарова.

Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде 15 «Бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті.

Нәтижесінде туа біткен ақаулардың ерте анықталуы 10%-ға өсті. Алғаш рет ұрықтың патологиясын аз инвазивті әдістерді қолдана отырып, жатырішілік емдеу үшін «Феталдық медицина» енгізілді.

«Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша сәбилердің өмір сүру деңгейін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға және ТДК-ден сәбилер өлімін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде бір күндік емханалар құруды аяқтау қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы өңірлік алқа қатысушыларына арнаған сөзінде.

Ақпарат көзі: Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстандағы балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар 2024 жылы нәресте өлімінің көрсеткішін 8,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, ал неонаталдық өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

«Алғаш рет неонаталдық көмекті ұйымдастыру стандарты әзірленіп, бекітілді, реанимация бөлімшелерінде мейіргердің жаңа туған нәрестеге 1-ден 1-ге дейінгі арақатынасы қағидаты белгіленді. Перинаталдық орталықтардың базасында неонаталдық хирургияны дамыту жалғасуда, орта есеппен жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте жедел ем алады», - деді А.Әлназарова.

Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде 15 «Бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті.

Нәтижесінде туа біткен ақаулардың ерте анықталуы 10%-ға өсті. Алғаш рет ұрықтың патологиясын аз инвазивті әдістерді қолдана отырып, жатырішілік емдеу үшін «Феталдық медицина» енгізілді.

«Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша сәбилердің өмір сүру деңгейін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға және ТДК-ден сәбилер өлімін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде бір күндік емханалар құруды аяқтау қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы өңірлік алқа қатысушыларына арнаған сөзінде.

Аймақтағы жаңалықтар