ТЖ саласындағы екінші республикалық волонтерлер форумы басталды
2024 жылғы 12 қыркүйекте «Қазқұтқару-2024» жиын-семинарын өткізу шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлерді тарта отырып, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою саласындағы волонтерлердің ІІ-ші республикалық форумы басталды.
Іс-шараға ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Жомарт Асқаров, Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың директоры Серік Әубәкіров, Ұлттық волонтерлер желісінің халықаралық ынтымақтастық және волонтерлік бастамаларды дамыту бағытының басшысы Гүлжамиля Камарова қатысты.
«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен серіктестіктегі форум Алматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонының базасында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 20-дан астам волонтерлік ұйымның өкілдері қатысуда.
Форум барысында таулы жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері, ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, суда құтқару және т.б. зерделенетін болады.
Форум 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын ТЖМ Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою саласындағы осы республикалық волонтерлер форумына қатысуға конкурс өткізген болатын.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -