ТЖМ-де Халықаралық ғылыми-техникалық орталық өкілдерімен кездесу өтті
24 ақпанда ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуі аясында ТЖМ-ның ХҒТО мен Еуропалық Одақтың «Орталық Азия суларындағы радиация мен ауыр металдардың мониторингі жүйесі» бірлескен жобасына қатысу мүмкіндіктері талқыланды, ол аймақтық және ұлттық деңгейлерде стандартталған технологиялар мен шешім қабылдау процестерінің көмегімен қолданыстағы ұлттық жүйелерді бағалауға және жетілдіруге бағытталған.
Талқылау барысында Орталық Азия өңірінде осы жобаны іске асырудың негізгі мақсаттары, күтілетін нәтижелері мен негізгі кезеңдері қаралды, сондай-ақ сейсмологиялық датчиктерді орнату бойынша ХҒТО-ның ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығымен тиімді ынтымақтастығы атап өтілді.
ХҒТО өкілдері үшін ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының ахуалдық залы бойынша қысқаша экскурсия өткізілді, оның барысында дағдарыс жағдайларында басқару мен жедел әрекет етудің заманауи технологиялары, сондай-ақ тәуекелдерді мониторингтеу және болжау жүйелері көрсетілді.
Сонымен қатар, су қоймасына су ағынын есептеуге, көктемгі су тасқынының көлемін анықтауға және су басу аймақтарын модельдеуге мүмкіндік беретін «Tasqyn» қазақстандық су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесінің және жасанды интеллект негізінде жер сілкінісін болжау жүйесінің жұмыстары таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің орнықты дамуын арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздік және ықтимал қауіптерге жедел ден қою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -