ТЖМ-де Құтқарушы күніне орай салтанатты жиналыс өтті
Бүгін 19 қазанда ТЖ министрлігінде Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты шараға министрліктің басшылығы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қонақтар қатысты.
Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзімен ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
«Бүгін Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды бейнелейтін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын. Төтенше жағдайлар министрлігі күрделі қызметтеріңізді жоғары бағалап, Сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Құтқарушы күні Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін! Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын!», - деп атап өтті министр.
ТЖМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 571 қызметкері кәсіби мереке құрметіне лайықты марапаттарға ие болды. Құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар ТЖМ құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Оның қорытындысы бойынша кубоктар бірінші орын - ТЖ жою департаментіне, екінші орын – «Резерв» РМК және үшінші орын – Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына табысталды.
Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -