ТЖМ құтқарушылары әуе кемелеріндегі өрттерді сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтауда
«Павлодар» әуежайында оқу-жаттығулар өтті, оның мақсаты әуе кемесінің бортында төтенше жағдайлар кезінде түрлі қызметтердің іс-қимылдарына дайындықты арттыру және үйлестіру болып табылды. Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері мен әуежай қызметкерлері адамдарды ұшақтан тез және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізді, әуе кемесінің бортында өртті тиімді сөндіру үшін әдістер мен жабдықтар пысықталды. Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, Boeing 737-300 әуе кемесі қону кезінде реактивті қозғалтқыштың механикасы зақымданып 106 шаршы метр аумағында жану орын алды. Әуе кемесінің командирі әуе диспетчеріне төтенше жағдайдың туындауы, апаттық қону және өрт сөндіру экипажының қажеттілігі туралы ақпарат берді. Апатқа ұшыраған ұшақтан кейін шұғыл қызмет мамандары шартты зардап шеккендерді эвакуациялауға және өртті жоюға дереу кірісті.
Сондай-ақ, осындай оқу-жаттығу «Әулие Ата» халықаралық әуежайында өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың сценариі бойынша «Талдықорған-Шымкент» әуе бағыты бойынша ұшқан жолаушылар ұшағының қозғалтқыш бөлшегі ақауға ұшырап, «Әули-Ата» халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ апатты жағдайда қону барысында жанармай багы зақымдануы салдарынан авиациялық отынның төгілу жағдайы орын алып, өрт шыққан. Ұшақтағы өртті сөндіру үшін көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған әуежайдағы жергілікті өрт сөндірушілер, олар келіп жеткенге дейін өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Ал одан әрі оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары өртке оранған ұшақты сумен, көбікпен сөндіру жұмыстарын атқарып, сондай-ақ адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарымен айналысқан. Өрт оқиғасы орнында 2 жауынгерлік участок құрылып, 5 адам құтқарылып, 85 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, жедел түрде ауруханаға жөнелтілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар соңында ұшақтағы өртті сөндіру бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығулар қорытындыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -