ТЖМ қызметкері жылдың үздік спортшысы атанды
Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының 2024 жылдағы жұмысы қорытындыланды.
Аталған жиында «Әйелдер арасындағы үздік спортшы», «Ерлер арасындағы үздік спортшы», «Үздік жаттықтырушы», «Үздік төреші», «Қоян-қолтық ұрысының дамуына қосқан үлесі үшін» және тағы басқа номинациялар бойынша ағымдағы жылы спортта жоғары нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізгендер марапатталды.
Ең кереметі, «Әйелдер арасындағы үздік спортшы» номинациясын Қарағанды облысы ТЖД қызметкері, «Batyr team» клубының мүшесі – Эмилия Ларионова жеңіп алды.
Бүл жетістік – ТЖМ қызметкерлерінің спорт саласындағы жоғары көрсеткішке ие екендігінің дәлелі және құтқарушыларды алдағы кезеңдердегі жарыстарда жүлделі орындар алуға шабыттандырады.
Одан басқа ТЖМ спорт саласын дамыту ісінде өзіндік орны бар Әділ Қайырбаев «Қоян-қолтық ұрысының дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясымен марапатталды.
Осындай айтулы жетістіктер ТЖМ жүйесінде салауатты өмір салтын насихаттау мен жеке құрамның физикалық дайындығын арттыруға шабыт беретіні сөзсіз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -