ВЕНГРИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА: Түркістан облысы, 23 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ВЕНГРИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

ВЕНГРИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

ВЕНГРИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Венгриялық «UBM GROUP» компаниясы Түркістан облысында құрама жем зауытын салу бойынша өткен айда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, арнайы келіссөз жүргізген еді. Нәтижесінде Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы коммерциялық атташе Ковач Иштван Тибор және «UBM GROUP» компаниясының бас директорының кеңесшісі Доктор Золтан Питер Винм аудандарды аралап, зауыт салуға

қолайлы өңірлерді қарастырды. Түркістан облысы аумағында қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға жуық, құны 10 млн. еуро болатын заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салу жоспарлануда. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Инвесторларға «Turkistan Invest» ЖШС басқарма басшысының орынбасары Руслан Лесбеков Қазығұрт және Ордабасы аудандарындағы индустриалды аймақтарды және ет өндірісімен айналысатын «Qaiyp Ata» ЖШС-ын таныстырып, ол өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктерді атап өтті. Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Венгриялық «UBM GROUP» компаниясы Түркістан облысында құрама жем зауытын салу бойынша өткен айда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, арнайы келіссөз жүргізген еді. Нәтижесінде Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы коммерциялық атташе Ковач Иштван Тибор және «UBM GROUP» компаниясының бас директорының кеңесшісі Доктор Золтан Питер Винм аудандарды аралап, зауыт салуға <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>қолайлы өңірлерді қарастырды. Түркістан облысы аумағында қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға жуық, құны 10 млн. еуро болатын заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салу жоспарлануда. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Инвесторларға «Turkistan Invest» ЖШС басқарма басшысының орынбасары Руслан Лесбеков Қазығұрт және Ордабасы аудандарындағы индустриалды аймақтарды және ет өндірісімен айналысатын «Qaiyp Ata» ЖШС-ын таныстырып, ол өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктерді атап өтті. Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды.

Аймақтағы жаңалықтар