Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті
Күн тәртібінде мал ұрлықтарына қарсы іс-қимылдағы проблемалар және шешу жолдары, ҚР ІІМ-нің киберқылмысқа, оның ішінде телефон алаяқтығы және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында іс-шаралар, Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдармен қабылданатын шаралардың тиімділігі, ҚР ІІМ-нің адам өлтіруге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырудағы мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.
Жиын барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі ветеринариялық станцияларда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, мал шаруашылығындағы сақтандыру бағдарламалары аясында шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, қараусыз жайылып жүрген малдар бойынша шаруа қожалықтарымен және елді-мекендердегі тұрғындармен тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, өңір басшысы интернет-алаяқтық тәуекелдері туралы жұртшылықты жиі хабардар етіп отыру, соттылығы болған азаматтарды жұмыспен қамтуды үйлестіру міндетін жүктеді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Бұл тұрғыда өңір басшысы сапасыз жүргізушілерді даярлайтын автомектептердің жауапкершілігін қарастыру қажеттігін ескертті.
Отырысты қорытындылай келе, Ұлытау облысының әкімі Полиция департаментіне облыс басқарамалары мен департаментерімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыс деңгейінде құжат әзірлеп, 1 мамырға дейін қабылдауды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -