Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды қалпына келтіру және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кездесуге қатысушылар Конституциялық Сот шешімін орындаудың маңыздылығын атап өтті
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
2025 жылғы 24 қаңтарда Астанада бұрынғы Семей ядролық полигонына іргелес аумақта радиациялық әсерден зардап шеккен адамдарды әлеуметтік-экономикалық қолдау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, азаматтық белсенділер, министрліктер мен зерттеу институттарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында Конституциялық Соттың судьялары «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заң нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы айтты.
Кездесу Қазақстандағы Германияның Фридрих Эберт қорының қолдауымен өтті. Қатысушылар Үкіметке өмір мен денсаулыққа, ядролық қауіпсіздікке және оның салдарларынан азаматтық қорғауға қатысты қабылданған халықаралық міндеттемелер мен конституциялық кепілдіктерді орындау контекстінде қолданыстағы заңды жетілдіру мақсатында ведомствоаралық зерттеу жүргізу ұсынысы бөлігінде Конституциялық Соттың бұрын қабылдаған шешімін орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -