ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, сөз бастады.
«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды», – деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр еңбек нарығы мен қоғам сұранысына сай кадр дайындаудың, ерте жастан кәсіптік бағдар берудің маңызын атап өтті.
Дөңгелек үстелге Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әли Солтанбеков, «Мамандығым – болашағым» кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов, Жетісу облысының колледж директорлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев ерте жастан кәсіптік бағдар беру «Мамандығым – болашағым» жобасы міндеттерінің бірі екенін баса айтты.
«Жетісу университетінің базасында 2023 жылы өңірлік жобалық кеңсе құрылып, университет қызметкерлері форсайт-зерттеу курсынан өтті. Олар Жетісу облысында кадр тапшылығының өңірлік картасын әзірлеп, өңірге қажетті бес бағытты анықтады», – деген ректор салалық сарапшы ретінде өңірлік картаны әзірлеуге ат салысқан колледж директорларына алғыс білдірді.
Жиында «Мамандығым – болашағым» жобалық кеңсесінің жергілікті әкімдікпен бірлесе әзірлеген «Жетісу облысының мамандарға қажеттілігінің өңірлік картасының» тұсауы кесілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -