ЖАҢААРҚАДА ЖАҢА ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Жаңаарқа кентінде сағатына 130, жылына 60-70 мың тонна өнім беретін асфальт-бетон зауыты жұмыс істейді. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы аймаққа жұмыс сапары аясында мамырдың басында іске қосылған кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Нысан сонымен қатар сағатына 100 тонна қиыршық тастар да өндіреді. Қазіргі уақытта кәсіпорын өзіміздің және көрші облыстың сұранысы бойынша қызмет көрсетуді бастап кетті. Зауытта 20 адам жұмыс істеуде.
Облыс әкімінің жұмыс сапары барысында «Қаражал-Атасу» бағытындағы жол құрылысы жұмысы аталған зауыт өнімімен жүргізіліп жатқандығы айтылды. Жауапты мердігер - «Арқа Құрылыс» ЖШС.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -