Жалған және бөтен төлқұжаттарды анықтау туралы
2025 жылғы 18 қаңтарда Түркістан облысының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенгені үшін ұсталды.
Айта кету керек, 2025 жылдың басынан шекарашылар жалған және басқалардың төлқұжаттарын пайдаланудың 16 фактісін анықтаған.
2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден астам осындай құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.
ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -