«Жас сарбаз» би ұжымы Қырғызстандағы фестивальде сәтті өнер көрсетті
Қырғызстан астанасы Бішкекте «Наристе» IV халықаралық балалар фольклорлық фестивалі өтті.
Оған ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының «Жас сарбаз» балалар студиясының бишілері қатысты.
Фестивальде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Сербиядан келген ұжымдар өнер көрсетті. Фестивальге Қырғызстанның жеті облысынан би ансамбльдері қатысты. Ал Ресейдің жас бишілері Қалмақия, Башқұртстан Республикалары мен Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген.
Қазақстанның «Жас сарбаз» балалар би ұжымы қойған қойылым көрермендерге жарқын әсер қалдырды. «Наристе» фестивалінің әр түрлі сахналық орындарында өнер көрсеткен жас бишілер көрерменді қойылымдардың өзіндік ерекшелігімен, энергиясымен және айқындылығымен баурап алды.
Фестиваль этносаралық келісімді, этникалық, тілдік топтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, мәдениеттерді өзара байытуға және мәдениетаралық диалогқа жәрдемдесуге бағытталған.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде Бішкек қаласының әкімі Айбек Жүнішәлиев қазақстандық өнерпаздарға сертификаттар мен кәдесыйлар табыс етті. Ол шығармашылық ұжымның жетекшісі педагог-хореограф
3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова мен қоюшы-хореограф Ержан Құдайбергеновке тәрбиеленушілерді жақсы дайындағаны және фестивальге қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -