«Жастар» сарайында елордалық оқушыларға жұмысшы мамандықтар туралы айтылады
Елордадағы «Жастар» сарайында оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Шара елордалық колледждер арасында «Кәсіби бағдар – дұрыс таңдау – табысты карьера» қалалық конкурс аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жұмысшы мамандықтарды танымал ету. Конкурс сонымен қатар қала колледждерінің студенттері арасындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудің жаңа ортасына айналды.
«Бұл байқауға Астананың мемлекеттік және жекеменшіктегі 25 колледжі қатысып жатыр. Олардың барлығы көрермендерге қала оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру бағдарламасын көрсетеді. Айтпақшы, көрермендердің жартысынан көбі мектеп оқушылары болса, қалғаны – өз колледжінің өкілдеріне қолдау көрсетіп, қолдау білдіруге келген студенттер», - деді Астана қаласы әкімдігінің кәсіптік-техникалық колледжі директорының кәсіптік білім беру жөніндегі орынбасары Нәзира Тоғайбаева.
«Жастар» сарайының фойесінде 30-ға жуық колледж студентіне кәсіптік бағдар беру көрмесін ұсынса, екінші қабатта орта арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан дизайнерлер, шаштараздар және басқа да мамандық өкілдерінің шеберлік сабақтары арқылы өнерлерін ортаға салды.
«Менің ойымша, 2025 жылды Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау маңызды әрі дер кезінде жасалған қадам болды. Қазіргі уақытта көптеген жастар жоғары білім алуға ұмтылады. Көбіне жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын жете бағаламайды. Дегенмен, экономиканың негізін құрайтын жұмысшы мамандықтар жылы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда білікті кадрларсыз еліміздің дамуы мүмкін емес», – дейді Астана қаласы әкімдігінің кәсіптік-техникалық колледжінің түлегі Мақсат Серікұлы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -