Жер жәннаты — Жуалы төрінде әдемі, әсерлі жыр кеші өтті
Халық Жазушысы Шерхан Мұртазаның қара шаңырағының ауласында, ашық аспан астында өткен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жас қаламгерлермен еркін форматта кездесті негізделді.
Тұлғаның туған күніне орай ерекше нақышта ұйымдастырылған шара барысында әсерлі өлең оқылып, әуезді әннен шашу шашылды.
Аймақ басшысы өз сөзінде Қазақ баспасөзінің баһадүрі, әдебиетінің көрнекті өкілі, шоқтығы биік бірегей тұлғасы Шерағаңның ұлт руханиятындағы асқақ болмысы, парасаттылығына айрықша тоқталып, игі шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Ербол Қарашөкеев бүгінгі жамбылдық қаламгерлер мен жас ақын-жазушыларды Халық Жазушысының лайықты ізбасары, жалғасы ретінде бағалап, оларға өмірде де, өнерде де сәттілік тіледі. Шығармашыл, талантты жастарға қолдау үзілмейтінін жеткізді.
Сондай-ақ, облыс әкімі жыр кешіне Астана мен Алматыдан арнайы келген елімізге белгілі ақындар Ерлан Жүніс пен Олжас Сәндібекті 40 жасымен құттықтап, құрмет көрсетті.
Кездесуде жас ақындар жүрекжарды жырларын тебірене оқып, өздерінің орамды ойларын да ортаға салды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -