Жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылдың атқарылған жұмыс қорытындылары туралы семинар-кеңес өтті
Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні сағ. 11.00-де облыс әкімі аппаратының № 108 мәжіліс залында (Өскемен қ., М.Горький көшесі, 40) облыс әкімі аппараты басшысы орынбасарының төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылдың атқарылған жұмыс қорытындылары туралы семинар-кеңес өтті.
Аталған кеңеске облыстық басқармалардың басшылары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері, қалалар мен аудандардың әкімдері аппаратының басшылары және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының, Алтай және Зайсан ауданы әкімдері аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдері 2024 жылы атқарылған жұмыстардың есептерін берді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшы болған ЖАО Әдеп жөніндегі уәкілдері облыс әкімінің алғысымен марапатталды. Бұл Алтай, Глубокое, Зайсан аудандары әкімдері аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкілдері.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалының психологы Ковалев С.Э. жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне «Мемлекеттік қызметшілердің стресске төзімділігін дамыту» тақырыбына семинар өткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -