Жетісулық оқушы үздік ауыл оқушысы атанды
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиада аяқталды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 939 оқушы қатысты. Осы байқаудағы «Үздік ауыл оқушысы» номинациясының жүлдегерлерінің бірі - Жетісу облысының 11 сынып оқушысы, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Владислав Иванов Алакөл ауданы Қабанбай ауылындағы Шү Уәлиханов атындағы мектепте оқиды. Оның айтуынша, ол бала күнінен табиғатты тамашалағанды ұнатады, бұл оның жаратылыстану бағытына бет бұруына әсер еткен:
- Бұрын биологияны тек сабақтың шеңберінде ғана оқитынмын, кейін өз бетіммен ізденіп оқи бастадым. Бұл жақсы нәтижелерге жетуіме зор ықпал етті. Пәнге тек қызығу аздық етеді, үздіксіз ізденіп, күш-жігеріңді жұмсауың керек. Осы ретте биология пәнін оқытқан мұғалімім Татьяне Васильевнаға алғысымды білдіремін, - деді Владислав Иванов.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -