Жоғары деңгейдегі диалог: Ашықтықтың кеңейтілген негіздемелік бағдарламасына (ETF) жалпыға ортақ қатысу арқылы климаттық ашықтықты ілгерілету» аясындағы кездесулер
2024 жылғы 3 қыркүйекте Әзірбайжанда Баку қаласында «Жоғары деңгейдегі диалог: Ашықтықтың кеңейтілген негіздемелік бағдарламасына (ETF) жалпыға ортақ қатысу арқылы климаттық ашықтықты ілгерілету» іс-шарасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша арнайы өкілі З.Сүлейменовамен - Әзірбайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі М.Бабаевпен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар СОР-29 өткізу кезіндегі ынтымақтастық бөлігінде СОР-29 қарсаңында Республикалардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының СОР-29 аясында бастамаларды ұсыну ниетін талқылады.
Сонымен қатар, Әзiрбайжан Республикасы Сыртқы iстер вице-министрі – СОР-29 Төралқасы шеңберiндегi келiссөздер процесiнiң Бас өкiлi Я.Рафиевпен екіжақты кездесу өткізді.
Париж келісімінің 6-бабы, Жаһандық қаржылық мақсат және теңізге шыға алмайтын елдердің жағдайы бөлігінде СОР-29 шеңберінде жоспарланған келіссөздер ұстанымдары бойынша негізгі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасының СОР-29 және алдағы 2026 жылғы Өңірлік Саммитке жоспарланған 14 бастамасы талқыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -