Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдады
Кездесуде соттардың шешімдерімен және үкімдерімен келіспеумен қатар, азаматтар судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, оның ішінде істерді қарау кезінде процестік бұзушылықтар мәселелерін көтерді.
Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің құзыреті шегінде сот актілеріне шағымдануға, сондай-ақ судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға қатысты толық түсініктемелер берді.
Бұл ретте Төраға Жоғары Сот Кеңесінің сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттар мен судьялардың қызметіне араласпау қағидатының сақталуын тағы да атап өтті.
Сондай-ақ, Кеңес Төрағасы бірқатар судьяларды қабылдады, олар судьяларды іріктеу процесін жетілдіру, соттардың жұмысын жақсарту, конкурстық іріктеу тәртібі және мансаптық ілгерілеу бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Дмитрий Малахов оларға сот жүйесін дамыту мәселелеріне бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтып, олардың ұсыныстары Кеңестің одан әрі қызметінде ескерілетінін атап өтті.
Азаматтармен тұрақты кездесулер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасы шеңберінде Жоғары Сот Кеңесі жұмысының маңызды бөлігіне айналғанын атап өту маңызды.
Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды алдын ала жазылу бойынша күн сайын жеке қабылдайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -