ЖШС «АккордКапитал» микроқаржы ұйымын» лицензиясынан айыру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 02.10.2024 жылғы № 97 бұйрығына сәйкес «АккордКапитал» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.
Лицензиядан айыру үшін «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшаларына сәйкес мыналар негіз болды:
– қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
- уәкілетті органның жазбаша нұсқауларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамау.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан аталған заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын білдіретін «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, одан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін өткізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға тиіс.
МҚҰ-ны лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Байланыс нөмірі: +7 (727) 237-11-11, ішкі: 6316;
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -