Жылыту маусымына дайындық туралы брифинг
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Шара барысында өткен жылыту маусымында өрттің алдын алу бойынша жұмыстардың қорытындысын жариялап, алдағы кезеңге алдын алудың негізгі бағыттарын атап өтті.
2023-2024 жылдары Қарағанды облысында тұрғын үй секторында 212 өрт тіркелді, бұл өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 11%-ға аз, 237 оқиға тіркелген.
Өрттердің алдын алу мақсатында ТЖД халықты қауіпсіздік шаралары туралы хабардар ету бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда. Биылдың өзінде 182 мыңнан астам адамды қамтыған 77 мыңға жуық үйме-үй аралау, сондай-ақ халықпен 600-ге жуық жиын ұйымдастырылды. Алдын алу шаралары, соның ішінде кездесулер, дәрістер және парақшалар тарату жылу беру маусымы бойы жалғасады.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырып, келесі аспектілерге мұқият назар аударудың маңыздылығын атап өтеді:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыздар;
- электр сымдары мен құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын қадағалаңыздар;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыздар;
- пештер мен газ құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету, мұржаларды күйеден жиі тазалаңыздар;
«Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтау өрттердің болуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Есіңізде болсын, сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі осы ережелерге мұқият және жауапкершілікпен қарауға байланысты», - деп атап өтті спикер.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -