1 маусымнан бастап Қарағандыда қоғамдық көлікте жол жүру тарифі өзгереді
Қарағандыда 1 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы маршруттарда қоғамдық көлікпен жүру тарифі өседі. "Оңай" картасы арқылы төлем 100 теңгені, қолма-қол ақшамен – 200 теңге болады.
Тарифтің өсуі туралы Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады.
"Барлық жеңілдіктер сақталған. 18 жасқа дейінгі балалар әлі де тегін жүреді, сондай-ақ көп балалы аналар, 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары, мүгедек адамдардың қамқоршылары, 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандар, жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында жұмыс істегендер ретінде зейнетақы алатындар, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылар ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жағдайларда жұмыс істегендер, зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері 22 айлық есептік көрсеткіштен аспайтындарға жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге де жасына байланысты жеңілдіктер сол күйінде қалады – 50 теңге", – делінген қалалық жолаушылар көлігі және ТКШ бөлімінің хабарламасында.
Қолданыстағы 80 теңге тарифі 10 жыл бұрын белгіленді. Содан бері тасымалдаушылардың негізгі шығындары орта есеппен 3,5 есе өсті. Бұл жүргізушілердің жалақысы, дизель отыны, майлау материалдары, автошиналар және т. б.
Соңғы жылдары қалалық және қала маңындағы маршруттарға арналған автопарктер 328 автобус сатып алды, осылайша желідегі автобустардың саны 300-ден 420 бірлікке дейін өсті. Үш жаңа бағыт шығарылды және бұрын жұмыс істеген үш бағыт қайта жанданды. Майқұдық және Пришахтинск бағыттары бойынша автобустардың жұмысы 22:30-ға дейін ұзартылды.
ONAY! көлік холдингінің филиалында маусым айына жол жүру билеттерін сату уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Сатуды қайта бастау туралы @onay.karaganda.
@otdeljkh_karaganda парағынан білуге болады
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -