Жобаның мақсаты - отбасы институтын нығайту, бір терезе қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету. Сонымен қатар, орталық мамандары отбасылық жанжалдарды шешуде білікті көмек көрсетеді.
Жоба бағытталған негізгі мақсатты топтар:
- арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж отбасылар;
- қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар;
- отбасының әлеуметтік әл-ауқатына сәйкес шұғыл дағдарыс деңгейіндегі отбасылар;
- пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған отбасылар.
Орталықтың мекенжайы: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65.