2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға «инватакси» қызметтері көрсетіледі.
Жобаның мақсаты: ҚР Көлік және коммуникация министрінің «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде көлік қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Жобаға қатысушылар: инватакси қызметтері медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес 1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі қозғалысы шектелген мүгедектігі бар балаларға ұсынылады.
Жобаны іске асыру: Ережеге сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен мүгедектігі бар адамдар жұмысқа және оқуға, бүйрек гемодиализіне жеткізіледі. Мүгедектігі бар қалған адамдар «инватакси» қызметтерін қажеттілігіне қарай: мемлекеттік мекемелерге, медициналық, заң ұйымдарына, банктерге және әлеуметтік сала объектілеріне бару үшін пайдаланады.
Жобаны іске асыру мерзімі: бір жыл ішінде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -