30 мамыр күні Қарағанды облысының тұрғындарына тегін заңгерлік қызмет көрсетіледі
30 мамыр күні Қарағанды мен Балқашта "Халық заңгері" атты жалпы республикалық акция өтпек. Тұрғындар мемлекеттік орган өкілдерінен, Қазақстанның жетекші заңгерлері мен адвокаттарынан тегін құқықтық көмек ала алады.
"Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауатын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету. Мемлекеттік орган өкілдері азаматтарды қабылдап, жетекші сарапшылар кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Мамандар толық және сапалы кеңес бере алуы үшін мәселеңізге байланысты құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз ", – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.
Акцияға келе алмайтындар үшін Telegram-да арнайы чат-бот іске қосылды. Онда қалаңызды көрсетіп, өз сұрағыңызды қоя аласыз.
Қарағандыда акция Мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында өтеді ("Арлан моторс", Тәттімбет көшесі, 709).
Балқаштықтарды "Ашық әкімдік" ғимаратында күтеді. (Қараменде би көшесі, 15).
Басталуы 17:00.
Акцияны ұйымдастырушылар: ҚР Үкіметінің қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Zakon.kz желілік басылымы мен Әділет министрлігі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -