7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай
Саран қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту бойынша мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне және Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан адамдарға 200 мың теңгеден әлеуметтік көмек төленді. Барлығы 22 адам төлем алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -