700-ге жуық колледж студенті жеке стартап жобаларын бастады
Қазақстанның 20 колледжінде «Business Startup» студенттік орталықтар құрылды. Бұл орталықтар студенттердің өз ісін ашуы үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бүгінде 700-ге жуық колледж студентінің қатысуымен студенттік орталықтарда 167 стартап-жоба жүзеге асырылуда. Мұндай стартап жобалар еліміздің барлық өңірлерінде құрылып, экономиканың түрлі салаларын қамтуда.
«Өңірлердегі «Business startup» студенттер орталықтары - тың бастамалар мен бизнес-идеяларды қолдау және жүзеге асыру алаңына айналуда. Осындай ең ірі жобалардың бірі Семей қаласының радиотехника және байланыс колледжінің студенттері құрған егістіктерді суарудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Сондай-ақ Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері экологиялық таза, көп рет пайдалануға болатын қаптамалар жасауда. Кез-келген күрделіліктегі веб-сайттар мен мобильді қосымшалар жасау жобасы да табысты жүзеге асуда», – дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Айта кетейік, қазіргі таңда қазақстандық колледждерде 540 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 70%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Оған қоса, жыл сайын кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мың студент оқуға қабылданады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -