Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Белая Татьяна Юрьевна Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Татьяна Белая Көкшетау экономика және менеджмент институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Макинск қалалық қаржы бөлімінде экономист болып бастаған. 1999 жылдан бастап Ақмола облысының қаржы басқармасында түрлі лауазымдарда еңбек етті — бас маманнан бөлім басшысына дейінгі қызметтерді атқарды.
2015 жылы Ақмола облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2025 жылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылғы сәуір айынан бастап Ақмола облысының қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -