АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 01.04.2024 жылғы жағдай бойынша шолу
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге
01.04.2024 жылғы жағдай бойынша шолу
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 18 852,6 млрд теңге. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері [1] [2]
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 45,24 млрд теңгеден асты.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,69%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,72%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,25%, ҚРҰБ депозиттері – 2,41%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 2,22%, МҚҰ – 2,06%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,98%.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 66,81%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 33,16%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер - 452,88 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 183,17 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау теріс болды және 53,29 млрд теңгеге жетті. Басқа шығындар - 1,45 млрд теңге.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы табыс оң нәтиже көрсетті.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылғы 3 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 581,31 млрд теңге болды.
01.04.2024ж. жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 3,15% көрсетті.
2024 жылғы 1 сәуірге арналған ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 74,50%, РЕПО операциялары – 18,13%, ҚРҰБ депозиттері – 6,14%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 1,23%.
ЖМЗЖ инвестициялық портфеліне тек ұлттық валютада көрсетілген қаржы құралдары кіреді.
2024 жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 333,62 млн теңге. ЖМЗЖ бойынша кірістілік - 1,37%.
Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 45,24 млрд теңгеден асады.
01.04.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,8 млрд теңгеден асты.
Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ - 34,34%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 25,64%, РЕПО – 18,39%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 7,93%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,42%. Атап кетейік, портфельдің 65,34% теңгемен, 34,66% АҚШ долларымен ұсынылған.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 231,59 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 3,07%.
"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.04.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,8 млрд теңгеден асты.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 39,86%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,94%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,04%, МҚҰ облигациялары – 6,85%, шоттардағы ақшалай қаражат - 6,77%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,53%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 70,52% , АҚШ долларымен 29,48% тең.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 63,90 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі - 1,70%.
"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.04.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 4,1 млрд теңгеден асты.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 25,44%, РЕПО – 18,96%, пайлар (индекстерге ETF) – 13,82%, ҚР мемлекеттік облигациялары – 12,60%, ҚР ЕДБ облигациялары – 7,94%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,32%, МҚҰ облигациялары – 4,51%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 3,46%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 74,50%, АҚШ долларымен 25,50% инвестицияланды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 74,48 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі - 1,79%.
"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.04.2024ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,2 млрд теңге болды.
ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 29,76%, РЕПО – 27,54%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 15,61%, акциялар мен депозитарлық қолхаттарға, ҚР эмитенттеріне – 8,61%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 7%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына - 6,79% инвестицияланды. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,06%, АҚШ долларымен - 21,03%, канадалық доллармен - 1,91% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 51,75 млн.теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі - 4,45%.
"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 28,9 млрд теңге.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 50,31%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,92%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,90%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,71%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,58%, МҚҰ – 4,64%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары - 3,39%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,63%, АҚШ долларында - 26,18%, еурода - 0,19% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша есептелген инвестициялық табыс мөлшері 483,40 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі - 2,06%.
"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ-ға 100% көлемінде бере алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -