Ақтөбе облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар
2024 жылдың 14 маусымда Қарғалы ауданы Бадамша селосында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты Қарғалы ауданындық терроризмге қарсы жедел штабының күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет етуін пысықтау мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарап, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Жалған және сенімсіз ақпаратты таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -