Абай облысының ТЖД қызметкері – кикбоксингтен Азия чемпионы
2024 жылдың 6-13 қазан аралығында Камбоджа Корольдігінің астанасы Пномпеньде ересектер арасындағы К-1 нұсқасы бойынша кикбоксингтен Азия чемпионаты өтті. Сайысқа құрлықтың ең үздік спортшылары қатысты. 71 кг салмақ дәрежесінде азаматтық қорғау аға сержанты, Абай облысы ТЖД өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Берік Мұратұлы Қалықов жеңіске жетті.
Берік Қалықов тек тамаша физикалық дайындығын ғана емес, жоғары деңгейдегі техникалық шеберлігін де көрсетті. Ол барлық жекпе-жектерін сенімді түрде өткізіп, финалды нокаутпен аяқтап, Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл жетістік оның шеберлігі мен күші ғана емес, сонымен бірге бөлімшесі мен елі үшін үлкен мақтаныш болып табылады.
Берік Қалықов 2016 жылдан бері спорттағы жетістіктерін азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметімен қатар алып жүр. Ол спорттық аренада да, қызмет барысында да жоғары кәсібилік пен тәртіпті көрсетіп келеді. Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -