Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері
2025 жылғы 3-4 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің «Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» секциясының жұмысына Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев қатысты.
Өз баяндамасында Ж.Әлиев Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауылдық аумақтардың экономикалық және тұрақты дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Алайда, бұл процесс өндірісті жаңғырту, ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайларын жақсарту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін қоса алғанда, бірқатар сын-қатерлермен қатар жүреді.
АӨК қоршаған ортаға, соның ішінде топырақтың, су ресурстарының және ауаның ластануына айтарлықтай әсер етеді. Экологиялық тұрақтылықтың негізгі бағыттары: «жасыл» технологияларын енгізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға және климатқа әсерді азайту мәселелеріне тоқталды.
Ауылдық аумақтар саласындағы маңызды мәселе қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселесі болып табылады.
Тағы бір маңызды бағыт-қоғамның экологиялық санасын арттыру. Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасы аясында аумақтарды жинау және көгалдандыру бойынша жаппай экологиялық акциялар өткізілуде. "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді. Бүгінгі таңда мәслихаттар тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарларды бекітті.
Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды кешенді дамыту және қоршаған ортаны қорғау өкілді және атқарушы биліктің, бизнес пен ғылыми қоғамдастықтың тығыз өзара іс-қимылын талап етеді. Инновациялық технологиялар, фермерлерді қолдау және экологиялық қауіпсіз басқару әдістері ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтай отырып, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартаиынын астап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -