Алматыдағы әскери-техникалық мектептің курсанттары әскери ант берді
Әскери-техникалық мектептің алаңында 118 бітіруші түлектің салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, түлектердің қуанышын бөлісуге туған-туыстары жиналды.
Мектеп оқушылары барлаушы, ұшқышсыз басқарылатын құрылғы операторы, зенитші, барлаушы химик, радиациялық және химиялық барлау саласының маманы сияқты мамандықтар бойынша оқуды аяқтады. Үздік түлектер алғыс хаттармен марапатталды.
Курсанттар ұшқышсыз басқарылатын құрылғылары басқаруда, дрондарды анықтап, жоюда, сондай-ақ инженерлік дайындық элементтерінде өз шеберліктерін көрсетті.
– Әскери-техникалық мектепте оқып жүргенде әрқайсымыз үшін бір жаңа дүниенің есігі ашылғандай болды. Мен барлау химигі мамандығын меңгердім. Мұнда алған білім мен дағдылар азаматтық салада да кәдеге жарарына сенімдімін, – деді түлек Мәулен Нұрдәулет.
Айта кетейік, Алматы әскери-техникалық мектебін жыл сайын 700-ден астам адам бітіреді. Оқу орны екі бағдарлама бойынша – азаматтарды Қарулы күштердегі қызметке тегін дайындайды және резервті қалыптастыру үшін ақылы оқытады. Бұл мектепте армияда да, азаматтық өмірде де сұранысқа ие 28 мамандық бойынша білім береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -