Алматы облысында тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат
12 қазан күні сағат 00-50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй өртеніп кетті.
Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді.
Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте сағат 01-08-де тұрғын үйдің шатырының жануы орын алғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранған.
Қабылданған жедел шаралардың нәтидесінде өрт 01-38 оқшауланып, 01-43 сағатта 56 ш.м. алаңда толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтылануда.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -